2022 ЖЫЛДЫҢ 16 МАУСЫМЫНДА КАТОН-ҚАРАҒАЙ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ
2022 жылдың 16 маусымында Катон-Қарағай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші-десантшысы М.А. Ленский халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Алинур" ЖК қызметкерлері арасында өртке қарсы тақырып бойынша алдын алу дәрісін өткізді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.