2022 ЖЫЛДЫҢ 17 МАУСЫМЫНДА ПАВЛОДАР АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨРТТІ АНЫҚТАДЫ

2022 жылдың 17 маусымында Павлодар авиациялық бөлімінің қызметкерлерімен авиациялық патрульдеу барысында Бесқарағай филиалы Бесқарағай орман шаруашылығының 163 орамының аумағында өрт анықталды. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Павлодар авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техника құралдарымен жұмылдырылды. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға