2022 ЖЫЛДЫҢ 17 МАУСЫМЫНДА БӨКЕБАЙ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ 2 ӨРТТІ АНЫҚТАДЫ
2022 жылдың 17 маусымында Букебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында Канонерский филиалының Қарамұрза орманшылығының 63 кварталының және Жаңасемей филиалының Глуховка орманшылығының 55 кварталының аумағында 2 өртті анықтады. Өрт шыққан жерге Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және олардың одан әрі таралуына жол бермеу үшін техника құралдарымен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.