2022 ЖЫЛДЫҢ 19 МАУСЫМЫНДА ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 19 маусымында Жаңасемей филиалының Глуховка орманшылығының 94 кварталының аумағында өрт анықталды. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Букебай Авиациялық бөлімі мен жердегі орман күзетінің өрт- сөндіруші десантшылары техника күштерімен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.