2022 ЖЫЛДЫҢ 17 МАУСЫМЫНДА ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 17 маусымында Бесқарағай филиалы Бесқарағай орман шаруашылығының 45 орамының аумағында өрт анықталды. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Павлодар авиациялық бөлімінің өрт- сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техника күштерімен келіп қонды. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.