2022 ЖЫЛДЫҢ 20 МАУСЫМЫНДА ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 20 маусымында Наурызым МӨЗ Сосновка орманшылығының 7 орамының аумағында өрт анықталды. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Қостанай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары, жердегі орман күзетінің, жергілікті өрт сөндіру бөлімдері мен әкімдіктердің қызметкерлері техника күштерімен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.