2022 ЖЫЛДЫҢ 21 МАУСЫМЫНДА ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
2022 жылдың 21 маусымында Баянауыл авиациялық бөлімінің мамандары Баянауыл МҰТП және Баянауыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдерімен бірлесіп 2022 жылғы 20 маусымда болған өрт алаңдарын тексеру, сондай - ақ қылқан жапырақты және жапырақ кеміргіш жәндіктер ошақтарының таралуы тұрғысынан аумақты тексеру мақсатында авиациялық рейд жүргізілді. Авиациямен қарауылдау барысында халықтың орманға жаппай баратын орындары, туристік маршруттар мен алаңқайлар тексерілді. Орман-авиациялық жұмыстарды орындау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ. Баянауыл МҰТП - дағы орман патологиялық жағдай күн сайын инелерді және жапырақ кеміргіш жәндіктерді жұқтырудың жаңа ошақтарын анықтау үшін бақыланады.