2022 ЖЫЛДЫҢ 22 МАУСЫМЫНДА БУКЕБАЙ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 22 маусымында Букебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында Долон орманшылығының, Долон филиалының 220 орамының аумағында өртті анықтады. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Букебай авиациялық бөлімі мен жердегі орман күзетінің өрт сөндіруші десантшылары техника күштерімен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.