2022 ЖЫЛДЫҢ 9 ШІЛДЕСІНДЕ ПАВЛОДАР АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨРТТІ АНЫҚТАДЫ
2022 жылдың 9 шілдесінде Павлодар авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Ертіс Орманы" МОТР РММ Шалдай филиалы Чушқала орманшылығының 9 орамының аумағында өрт анықталды. Өрт анықталған жерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Павлодар авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техника құралдарымен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.