2022 ЖЫЛДЫҢ 10 ШІЛДЕСІНДЕ БОРОДУЛИХА АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ 2 ӨРТТІ АНЫҚТАДЫ
2022 жылдың 10 шілдесінде Бородулиха авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы"МОТР РММ аумағында 2 өртті анықтады. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және олардың одан әрі таралуына жол бермеу үшін Бородулиха авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техника күштерімен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.