2022 ЖЫЛДЫҢ 13 ШІЛДЕСІНДЕ ҚАРҚАРАЛЫ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІСТЕР ӨТКІЗІЛДІ

2022 жылдың 13 шілдесінде Қарқаралы авиациялық бөлімінің өрт- сөндіруші десантшы А. М. Төкен халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Шахтер" және "Берлога" демалыс үйлерінде "Қарқаралы МҰТП ормандарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау"тақырыбында профилактикалық әңгімелер өткізілді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі іс-әрекеттермен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормаларды сақтау қағидаларымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға