2022 ЖЫЛДЫҢ 15 ШІЛДЕСІНДЕ БӨКЕБАЙ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІ КҮЗЕТЕТІН АУМАҚТА ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 15 шілдесінде Бөкебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы" МОТР РММ Морозов филиалы Полян орманшылығының 60 орамының аумағында өртті анықтады. Өртті оқшаулауға жердегі орман күзетімен бірлесіп Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт -сөндіруші десантшылары қатысты. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.