2022 ЖЫЛДЫҢ 16 ШІЛДЕСІНДЕ ЖАМБЫЛ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 16 шілдесінде Жамбыл авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында Меркі филиалының Сарыкоба орманшылығының 22 орамының аумағында өртті анықтады. Өрт болған жерге Жамбыл авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.