2022 ЖЫЛДЫҢ 18 ШІЛДЕСІНДЕ ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 18 шілдесінде Шалдай филиалының Валдай орман шаруашылығының 114 кварталының аумағында өрт анықталды. Өрт болған жерге Павлодар авиациялық бөлімінің жердегі орман күзетінің қызметкерлері мен өрт- сөндіруші десантшылары өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.