Өрт шартты, өзара іс-қимыл күштері нақты
Қазақстан Республикасы Павлодар облысы мен Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің шекара маңындағы аумақтарында табиғи өрттерді сөндіру кезінде бірлескен іс-қимылдарды пысықтауға арналған өрт-тактикалық оқу-жаттығу 24 мамырда Баимбет орманшылығының аумағында өтті.
Оқу-жаттығу аңызы бойынша, Баимбетского орманшылығының өрт сөндіру-бақылау мұнарасынан кезекшімен 11 сағат 00 минутта №170 кварталында ормандала алқабында түтін табылды. Өрт туралы ақпарат бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне, Павлодар облысы ТЖД-не, Республикалық Диспетчерлік Қызметке және Лебяжі ауданының әкімдігіне беріледі.
Жану орнына "Ертіс Орманы" МОТР РММ Бесқарағай филиалы күштері мен құралдары және Шақа ауылдық округінің ерікті өрт сөндіру құрылымдары бірінші болып келеді.
Өрт шыққан орынын барлау жүргізіледі, оның барысында анықталады:
- өрт таралу жолы және алаңы;
- орман алқабына қауп ықтималы;
- Баимбет елді мекенге, сонымен қатар Ресей Федерациясының шекара маңындағы мекендерге қауп ықтималы;
Өрттің ауданы – 5 га белгіленеді. Өрттің орман алқабына өту ықтималдығы жоғары. Өртену солтүстік-шығыс бағыт бойынша Ресей Федерациясының жағына тарап барады.
Ерікті өрт сөндіру құрылымдары күшімен қапталды сөндіру жүргізіледі. Тракторлардың көмегімен минералдандырылған жолақ құрылады, алқаптың жерді жыртуы жүргізіледі. Қосымша күштері мен құралдарын тарту туралы шешім қабылданады.
Күштер мен құралдардын тапшылығына, ( 8 м/с жоғары) күшті желге және құрғақ ауа райына байланысты өрт орман алқабына таратылуда. Өрт алаңы - 8 га. Ресей Федерация жағына таратылуда.
12 сағат 50 минут. Өрт алаңы - 18 га. Өрт орнына Павлодар облысының ТЖД «ҚӨ және АҚЖ» ММ №26 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары келеді.
Аудандық жедел штаб басшысы өрт орнына өрт сөндіруде жұмыс істейтін өрт техникасына, жедел медициналық көмек автомобиліне және рұқсат етілмеген көлік қолданылу өрт аймағына жол бермеу мақсатында бақылау бекеттерін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерінің көліктеріне қосымша құю станцияларын ұйымдастыру үшін автотожанармайқұюшы жібереді.
14 сағат 00 минут. Неғұрлым шалғай жерлерге тікұшақтың көмегімен "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Павлодар авиатобының өрт сөндіруші десантшылар жеткізіледі. Барлау тобы және бақылаушы-ұшқыш өрт жай-күйінің барлауын жүргізеді, оның даму болашағын бағалайды, от таралуына және сөндіру барысын бақылауды жүзеге асырады, өрт периметрі бойынша күштер мен құралдардың орналасуын түзетеді. Су құйу құралы көмегімен өрт ошақтарына су тастауы жүзеге асырылады. П-1.00 ыдыстар көмегімен жердегі техника баралмайтын орындарға су жеткізу жүргізіледі.
17 сағат 00 минут. Өрт алаңы – 25 га. Павлодар облысы ТЖД жедел штабы Дағдарыс жағдайларындағы басқару ортасына Шығыс Қазақстан облысы аумағы мен РФ Алтай өлкесіне өрттің өту қаупі туралы баяндайды.
Өрт орнына Шығыс-Қазақстан облысының ТЖД «ҚӨ және АҚЖ» ММ, "Ертіс Орманы" МОТР РММ, Ресей Федерациясы Алтай өлкесі бойынша ТЖМ бас басқармасы күштері мен құралдары келеді. Штаб бастығының кіріспесін алып, жеткен бөлімшелер от апатымен дереу "жекпе-жекке" енеді.
19 сағат 30 минут. Шартты өрт барлық бағыттары бойынша ауыздықталды. Күштер мен құралдарды өртті сөндіру үшін көшіру жүргізіледі РФ Алтай өлкесі аумағына өрттің таралу қаупі алынды.
Қосымша құралымдарды лагерде жинау хабарланады. Өрт сөндіру жедел штаб бастығы өртті жою туралы хабарлайды.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығу нәтижелері бойынша барлық функционалдық топтар басшыларын тарта отырып жедел штаб мәжілісі өткізілді, оның кезінде оқу-жаттығу барысын талдау өткізілді және қортындылар шығарылды.
Оқу-жаттығу ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шаралар орман өрттерін сөндіру барынша жақындатылған шынайы жағдайында дағдыларын, барлық осы өрт кезінде туындауы мүмкін жағдайларды жою, барлық жедел қызметтердің өзара іс-қимыл қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру тәсілдерін дамыту үшін өткізіледі.