2022 ЖЫЛДЫҢ 18 ШІЛДЕСІНДЕ ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

2022 жылдың 18 шілдесінде Қарқаралы авиациялық бөлімінің мамандары қорғалатын аумақты аралап шықты. Авиациямен қарауылдауды жүргізу кезінде мемлекеттік орман қоры аумағындағы және оған іргелес мемлекеттік орман қоры аумағындағы шабындықтар, ауыл шаруашылығы алқаптары мен жайылымдар қаралды. Ормандар мен ерекше қорғалатын аумақтарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау тақырыбына нұсқамалар мен парақшалар таратылды. МОҚ аумағын қарау кезінде өрт және орман тәртібін бұзушылық анықталған жоқ.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға