2022 ЖЫЛДЫҢ 25 ШІЛДЕСІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
2022 жылдың 25 шілдесінде Медеу филиалы Кіші Алматы орманшылығының 28 орамы аумағында өрт шықты. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Алматы авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары, жердегі орман күзетінің және ТЖД қызметкерлері техникамен жіберілді. Өртті сөндіру күрделі тау бедерімен қиындады. Өртті сөндіруге қосымша сыртқы аспада суағар құрылғылары бар 2 Ми-8 тікұшағы тартылды. Жалпы алғанда өрт ошағына 30-дан астам мақсатты су ағызу орындалды. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.