2022 ЖЫЛДЫҢ 26 ШІЛДЕСІНДЕ КӨКШЕТАУ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨРТТІ АНЫҚТАДЫ
2022 жылдың 26 шілдесінде Көкшетау авиациялық бөлімшесінің қызметкерлерімен авиациялық патрульдеу барысында Сандықтау ОӨШ Лейковский орманшылығының 129 кварталының аумағында өрт анықталды. Өртті оқшаулауға жердегі орман күзетімен бірлесіп Көкшетау авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары қатысты. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.