2022 ЖЫЛҒЫ 27 ШІЛДЕДЕ ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
2022 жылғы 27 шілдеде Жамбыл авиациялық бөлімшесінің мамандары табиғат қорғау полициясының өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты аралап шықты. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.