2022 ЖЫЛҒЫ 27 ШІЛДЕДЕ ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
2022 жылғы 27 шілдеде Қостанай авиациялық бөлімшесінің мамандары Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасының өкілдерімен бірлесіп, табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты аралап ұшуды жүзеге асырды. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.