2022 ЖЫЛДЫҢ 27 ШІЛДЕСІНДЕ БӨКЕБАЙ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІ КҮЗЕТЕТІН АУМАҚТА ӨРТ ШЫҚТЫ
2022 жылғы 27 шілдеде Бөкебай авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы" МОТР РММ Долон филиалы Байдәулет орманшылығының 165 орамының аумағында өртті анықтады. Өртті оқшаулауға жердегі орман күзетімен бірлесіп Бөкебай авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары қатысты. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.