2022 ЖЫЛДЫҢ 26 МАУСЫМЫНДА ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 26 маусымында Кенес ҚМУ Шилікпай орманшылығының 148 кварталының аумағында өрт анықталды. Өрт шыққан жерге Ақмола авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші-десантшылары, жердегі орман күзетінің және жергілікті өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техника құралдарымен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.