2022 ЖЫЛДЫҢ 27 МАУСЫМЫНДА БӨКЕБАЙ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІ КҮЗЕТЕТІН АУМАҚТА 4 ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 27 маусымында Бөкебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы" МОТР РММ аумағында 4 өртті анықтады. Өрт болған жерге Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші- десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және олардың одан әрі таралуына жол бермеу үшін техника күштерімен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.