2022 ЖЫЛДЫҢ 28 МАУСЫМЫНДА ҚАРҚАРАЛЫ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 28 маусымында Қарқаралы авиациялық бөлімінің қызметкерлерімен авиациялық патрульдеу барысында Қарқаралы орманшылығының, Қарқаралы МҰТП-нің 37 және 52 кварталдарында өрт анықталды. Өрт шыққан жерге Қарқаралы авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші-десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техниканы қолдана отырып, өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін жіберілді. Өртті сөндіру қиын жерлермен және өрт сөндіру машиналарына кіре берістің болмауымен күрделене түсті. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.