2022 ЖЫЛҒЫ 5 ШІЛДЕДЕ БӨКЕБАЙ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІ КҮЗЕТЕТІН АУМАҚТА 8 ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылғы 5 шілдеде Бөкебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы" МОТР РЭУ аумағында 8 өртті анықтады. Өрт шыққан жерге Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және олардың одан әрі таралуына жол бермеу үшін техника құралдарымен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.