2022 ЖЫЛДЫҢ 6 ШІЛДЕСІНДЕ АЛМАТЫ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 6 шілдесінде Алматы авиациялық бөлімінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында мемлекеттік қор жерлері аумағында өртті анықтап, Күрті ҚМУ аумағына өрттің өту қаупін айқындады. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Алматы авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техник құралдарымен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт тоқтатылды.