2022 ЖЫЛДЫҢ 27 ШІЛДЕСІНДЕ ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 27 шілдесінде Степногорск ҚМУ Первомай орманшылығының аумағында өрт анықталды. Өрт болған жерге Ақмола авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.