2022 ЖЫЛДЫҢ 12 ТАМЫЗЫНДА КӨКШЕТАУ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ
2022 жылдың 12 тамызында Көкшетау авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші- десантшы В.С. Стригинмен халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Көкшетау" МҰТП РММ қызметкерлері арасында "орманға барған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау"тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.