2022 ЖЫЛДЫҢ 9 ТАМЫЗЫНДА ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
2022 жылдың 9 тамызында Жамбыл авиациялық бөлімінің мамандары Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты аралап ұшуды жүзеге асырды. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.