2022 ЖЫЛДЫҢ 30 ШІЛДЕСІНДЕ 2 ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 30 шілдесінде Баянауыл МҰТП Баянауыл орманшылығының 23 және 24 орамдарының аумағында өрт шықты. Өрт шыққан жерге Баянауыл авиациялық бөлімінің жердегі орман күзетінің қызметкерлері мен өрт сөндіруші десантшылары өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.