2022 ЖЫЛДЫҢ 13 ТАМЫЗЫНДА ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
2022 жылдың 13 тамызында "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Ақмола авиациялық бөлімінің мамандары Отрадненск ҚМУ өкілдерімен бірлесіп табиғатты пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.