2022 ЖЫЛДЫҢ 13 ТАМЫЗЫНДА ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

2022 жылдың 13 тамызында Қарқаралы авиациялық бөлімінің мамандары Қарқаралы МҰТП өкілдерімен бірлесіп, заңсыз ағаш кесу, браконьерлік және ҚР табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында авиациялық рейд жүргізді. Авиациямен қарауылдау барысында күзетілетін аумақтағы екпелердің орман патологиялық жай-күйін тексеру және бағалау, халықтың орманға жаппай баратын орындарын, туристік маршруттар мен алаңдарды қарап шығу жүргізілді. Бірлескен жұмыс аяқталғаннан кейін табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері, бүлінген орманның ошақтары мен учаскелері анықталған жоқ. Бұзушылықтарды болдырмау және анықтау мақсатында аталған бірлескен жұмыс Қарқаралы МҰТП аумағында тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға