2022 ЖЫЛДЫҢ 31 ШІЛДЕСІНДЕ БОРОДУЛИХА АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 31 шілдесінде Бородулиха авиациялық бөлімінің қызметкерлерімен авиациялық патрульдеу барысында Семей филиалының Краснокордон орманшылығының 28 орамының аумағында өрт анықталды. Өртті оқшаулауға жердегі орман күзетімен бірлесіп Бородулиха авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші-десантшылары қатысты. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.