2022 ЖЫЛҒЫ 18 ТАМЫЗДА ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
2022 жылғы 18 тамызда Ақмола авиациялық бөлімшесінің мамандары мемлекеттік табиғат қорғау полициясы өкілімен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында авиациялық рейд жүргізді. Орман-авиациялық жұмыстарды орындау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.