2022 ЖЫЛҒЫ 22 ТАМЫЗДА ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
2022 жылғы 22 тамызда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Ақмола авиациялық бөлімшесінің мамандары Ақкөл аудандық табиғатты қорғау полициясының өкілімен бірлесіп, инспектор Н.Г. Дьяченко табиғатты пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Авиациямен қарауылдау барысында аң аулау ережелерін бұзу фактісі анықталды, 382-баптың 1-бөлігі (жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама жасалды.