2022 ЖЫЛДЫҢ 19 ТАМЫЗЫНДА БУРАБАЙ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ӘҢГІМЕ ӨТКІЗДІ
2022 жылғы 19 тамызда Боровской авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі Р.А. Алексеевпен халықты ақпараттандыру бағдарламасы шеңберінде "Барыс" дүкенінің қызметкерлері мен келушілері арасында "Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережелері" тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.