2022 ЖЫЛДЫҢ 29 ТАМЫЗЫНДА БӨКЕБАЕВ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 29 тамызында Бөкебаев авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында "Семей Орманы" РММ Жаңасемей филиалының Глухов орманшылығының 19-тоқсанының аумағында өртті анықтады. Өртті оқшаулауға жер үсті орман күзетімен бірлесіп Бөкебаев авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары қатысты. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттер оқшауланып, жойылды.