2022 ЖЫЛДЫҢ 31 ТАМЫЗЫНДА ПАВЛОДАР АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылғы 31 тамызда авиациялық патрульдеу барысында Павлодар авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері Бесқарағай филиалының Бесқарағай орманшылығының 24-тоқсанының аумағында өрт тапты. Өртті оқшаулауға жер үсті орман күзетімен бірлесіп Бөкебаев авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары қатысты. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт оқшауланып, жойылды.