2022 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ПАВЛОДАР АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН 2 ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылғы 1 қыркүйекте авиациялық патрульдеу барысында Павлодар авиациялық бөлімшесінің қызметкерлерімен Шалдай филиалының аумағында 2 өрт анықталды. Өртті оқшаулауға жер үсті орман күзетімен бірлесіп Павлодар авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары қатысты. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт оқшауланып, жойылды.