2022 ЖЫЛДЫҢ 2 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ҮЛКЕН ОРМАН ӨРТІ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 2 қыркүйегінде Басаман КММ Кондратьев орманшылығының аумағында ірі орман өрті анықталды. Күрделі метеорологиялық жағдайларға байланысты өрттің таралу жылдамдығын, оның қарқындылығын, ауданын және басқа факторларды ескере отырып, өртті тез тоқтату мүмкін болмады.қосымша күштер мен құралдарды тарту туралы шешім қабылданды.
Өрт орнына Қостанай, Бурабай және Ақмола авиациялық бөлімшелерінің өрт сөндіруші десантшылары, жердегі орман күзетінің, ТЖМ, ІІМ, ЖАО, жергілікті өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техникамен жіберілді.
Сондай-ақ, өртті сөндіруге "ҚТЖ ҰК" АҚ Өрт сөндіру пойыздары мен "Қазавиаорманқорғау" РМҚК ұшағы тартылды. 5 қыркүйектегі жағдай бойынша өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде.