2022 ЖЫЛҒЫ 4 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
2022 жылғы 4 қыркүйекте "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің мамандары Қарқаралы МҰТП өкілдерімен бірлесіп табиғатты пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасының бұзылу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты бірлесіп айналып өтті. Авиатасымалдау барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.