2022 ЖЫЛҒЫ 5 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
2022 жылғы 5 қыркүйекте "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Бородулиха авиациялық бөлімшесінің мамандары ТЖБ және Бородулиха ауданы прокуратурасының өкілдерімен бірлесіп табиғатты пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасының бұзылу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты бірлесіп айналып өтті. Авиатасымалдау барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.