2022 ЖЫЛДЫҢ 8 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ КӨКШЕТАУ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ
2022 жылғы 8 қыркүйекте Көкшетау авиация бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы Н.А. Арташин халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Зерен" демалыс орталығының қызметкерлері мен келушілері арасында өртке қарсы тақырыпта профилактикалық дәріс өткізді. Тыңдаушылар орманда отпен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларымен, орман өрті анықталған кездегі іс-әрекеттермен, орманда адасып қалған іс- әрекеттермен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормаларды сақтаумен танысты. Сондай-ақ, өртке қарсы үгіт-насихат парақшалары таратылды.