2022 ЖЫЛДЫҢ 7 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 7 қыркүйегінде Долон филиалының Долон орманшылығының 46 кварталында өрт анықталды. Өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт орнына Бөкебаев авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен техникасы бар жердегі орман күзетінің қызметкерлері жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт оқшауланып, жойылды.