2022 ЖЫЛДЫҢ 15 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ТАЛДЫҚОРҒАН АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ

2022 жылғы 15 қыркүйекте Талдықорған авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы С.М. Мұхатаев халықты ақпараттандыру бағдарламасы шеңберінде "Тау Заңғар" ЖШС қызметкерлері мен келушілері арасында "Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережелері" тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Тыңдаушылар орманда отпен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларымен, орман өрті анықталған кездегі іс-әрекеттермен, орманда адасып қалған жағдайдағы іс-әрекеттермен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормаларды сақтаумен танысты. Әңгімелесу барысында тыңдаушыларға өртке қарсы насихат жөнінде парақшалар таратылды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға