2022 ЖЫЛДЫҢ 18 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ БАЯНАУЫЛ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ӘҢГІМЕЛЕР ӨТКІЗДІ

2022 жылғы 18 қыркүйекте Баянауыл авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары С.М. Отарбаев және Ф.И. Яцук халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Жасыбай демалыс аймағы қызметкерлерінің арасында өртке қарсы тақырыпта профилактикалық дәрістер өткізілді. Тыңдаушылар орманда отпен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларымен, орман өрті анықталған кездегі іс-әрекеттермен, орманда адасып қалған жағдайдағы іс-әрекеттермен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормаларды сақтаумен танысты. Сондай-ақ, өртке қарсы үгіт-насихат парақшалары таратылды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға