2022 ЖЫЛДЫҢ 18 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ПАВЛОДАР АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨРТТІ АНЫҚТАДЫ
2022 жылғы 18 қыркүйекте авиациялық патрульдеу барысында Павлодар авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері Шалдай филиалының Галкин орманшылығының 32 кварталының аумағында өртті анықтады. Өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт орнына Павлодар авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен техникасы бар жердегі орман күзетінің қызметкерлері отырғызылды. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт оқшауланып, жойылды.