2022 ЖЫЛДЫҢ 22 ТАМЫЗЫНДА ОРМАН-АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
2022 жылдың 22 тамызында "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Ақмола авиациялық бөлімшесінің мамандары Ақкөл ауданының табиғатты қорғау полициясының өкілі инспектор Н.Г. Дьяченкомен бірлесіп табиғатты пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасының бұзылу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Әуе патрульдеу барысында аң аулау ережелерін бұзу фактісі анықталды, (382-баптың 1-бөлігі жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама жасалды.