2022 ЖЫЛДЫҢ 26 ТАМЫЗЫНДА АҚМОЛА АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 26 тамызында Ақмола авиациялық бөлімшесінің қызметкерлерімен авиациялық патрульдеу барысында Кеңес КММ Приозерск орманшылығының 57-тоқсанының аумағына қауіп төніп тұрған өрт анықталды. Өртті оқшаулауға жердегі орман күзетімен бірлесіп Ақмола авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары қатысты. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт оқшауланып, жойылды.