2022 ЖЫЛДЫҢ 26 ТАМЫЗЫНДА ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 26 тамызында Бетағаш орманшылығы Алекбай учаскесінің аумағында дала өрті анықталды. Өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт орнына Қостанай авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен техникасы бар жердегі орман күзетінің қызметкерлері жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт оқшауланып, жойылды.